Астанада бірқатар автобус бағдары өзгереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада бірқатар автобус бағдары өзгертіледі, деп хабарлайды әкімдіктің сайты .

Манас көшесінде Абылай хан даңғылынан Құдайбердіұлы көшесіне дейін учаскеде көлік қозғалысы тоқтатылуына байланысты 13 қыркүйекте сағат 22:00-ден бастап 14 қыркүйекте сағат 08:00-ге дейін №23, 48, 80, 106, 201, 304, 313, 315 бағдарларының қозғалысы Манас көшесінен Қ. Рысқұлбеков көшесіне уақытша ауыстырылады.

Сондай-ақ, Астана - Малотимофеевка тас жолындағы Жабаев көшесінен Екібастұз көшесіне дейінгі учаскеде қоғамдық көлік қатынайтын жол болмағандықтан № 15 бағдардың қозғалыс сызбасы Жабаев көшесіне ауыстырылады.

Соңғы жаңалықтар