Астанада бидайдың әлемдік және қазақстандық нарығындағы үрдіс талқыланады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 наурызда Астанада KazGrain 2018 халықаралық конференциясына қазақстандық бидай дақылын жетекші өндірушілері, сонымен қатар бидай сауда логистикалық компанияларының өкілдері, салалық қауымдастықтары мен халықаралық сарапшылар жиналады. Бұл туралы ҚазАқпарат Азық-түлік келісім шарт корпорациясының сайтына сілтеме жасап хабарайды. 

Әлемнің 21 елінен келген өкілдер бидай мен ұнның әлемдік және қазақстандық нарықтарының үрдістерін, сонымен қатар Қазақстанның экспорттық нарығы жағдайы мен бидай секторының жаңа бағыттарын дамыту мен сату нарықтарын нығайту сұрақтарын талқыға салады. Сондай-ақ, ондағы көтерілетін маңызды мәселелердің бірі - логистика  мәселесі.

Әлемдік және қазақстандық нарықтардың үрдістерін ескере отырып, конференцияда келесі негізгі тақырыптар көтеріледі: 2017/18 ж. әлемдік бидай нарығы: негізгі трендтер, Қазақстан бидай нарығының үрдістері, дәстүрлі және басымдық дақылдарды өндіру, экспорт нарығының ағымдағы жағдайы, болашақ өткізу нарықтары, Орталық Азия бидай және ұн нарығы: Қазақстанмен /Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан сауда дамыту болашақтары; Қазақстан  vs Ресей: бидай және ұн нарықтарында бәсекелестер немесе сауда серіктестер; Дурум бидайының Еуропалық нарығы; Қытай бидай және ұн нарығы: Қазақстанмен сауда дамуының болашағы; Бұршақ дақылдары нарығының әлемдік үрдістері. Түркия жасымық нарығы; Қазақстандық бидайдың сыртқы нарықтарға жолы: порттарға логистикалық тізбегі. Теміржол тасымалының дамуы.

Конференция спикерлері бидай секторында еңбек тәжірибиесі көп және кәсіби деңгейі жоғары халықаралық ірі ұйымдар мен компаниялардың сарапшылары. Сонымен қатар өз тәжірбиесімен алдыңғы қатарлы қазақстандық ұйымдар мен компаниялар өкілдері бөліседі. Олардың ішінде: Нұрлан Оспанов, «Қазақстан астық одағы»; Кинталь Исламов «Атамекен Агро»; Николай Степаненко, «АСКОП»,  Айдарбек Ходжаназаров, «Иволга-Холдинг»; Айдар Дәукенов, «WESSAR»; Гауһар Тапелова, «KTZ Express»; Сәбит Қашқымбаев, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ; Patrick JOUANNIC, Soufflet Negoce; KORAY OZKAN, Hakan Agro Commodities Trading Co; Филиппо Бертуцци, Aretè Research & Consulting in Economics; Евгений Ган, «Қазақстан дән қайта өңдеу одағы»; Рустам Жунушев, Қырғызстан Кәсіпкерлер одағының ұн тартушы комитеті,  Дилором Гафурова, НПЦ Donmahsulotlari /Өзбекстан/ және тағы басқалар.

Еске салайық, «KazGrain 2018» конференциясының бас серіктесі - Қазақстан астық одағы. Шара ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» Ұлттық холдингі, БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының қолдауымен өтеді.

Соңғы жаңалықтар