Астанада «Берел құпиялары» көрмесі ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Берел құпиялары» атты көрме ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Берел құпиялары» көрмесі елімізге белгілі профессор, археолог, Берел қорғандарын зерттеп жүрген тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашевтың мұрындық болуымен ашылып отыр. Көрменің ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев, ҚР Қарулы Күштері бас штабының идеологиялық және тәрбиелік жұмысы жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Қайсар Мұғалов қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы Берел қорғандарынан қазақ даласындағы көне ескерткіштер күні бүгінге дейін табылып жатыр. Ежелгі сақ тайпаларының құнды жәдігерлерге шетелдік туристер де ден қойып келеді. ШҚО әкімі Даниал Ахметов соңғы екі жылда қорғандарды түгендеп, тарихи жәдігерлерді жаңғыртудың бағдарламасын ұсынған болатын. Осының арқасында Берел қорғанында Зейнолла Самашев бастаған экспедициялық топ қазба жұмыстарын жалғастыруда.



«Берел құпиялары» көрмесінде ер және әйел адамның бас сүйектері бойынша жасалған антропологиялық кескіндер, ат әбзелінің әшекей бұйымдары, ежелгі айналардың қалдықтары қойылған.

Көрмені тамашалаушылар үшін есік ашық. Осы уақытта тарихи жәдігерлердің көрмесін Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері тамашалап кетті.

Соңғы жаңалықтар