Астанада белбеу күресінен XV әлем чемпионаты өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАҚпарат - Астанада өтіп жатқан халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында 21-24 шілде аралығында «Дәулет» спорт кешенінде белбеу күресінен ересектер арасында XV әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемдік додаға 42 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы  қатысады деп күтілуде. Бұл сында ерлер 16, ал әйелдер 6 салмақ дәрежесі бойынша өзара кім мықтыны анықтайды.

Ерлер арасындағы медальдар жиынтығы еркін және классикалық тәсілде сарапқа салынса, әйелдер арасында тек еркін тәсілде жүлделер сарапқа салынады.

Белбеу күресі - белі байланған екі жауынгердің өзара жекпе-жегін көрсететін ежелгі күрес түрі. Спортшылар жекпе-жек кезінде бір-бірін белбеуден ұстап, белдеседі және әрқайсысы өз қарсыласын жығуға және жеңуге тырысады.

Соңғы жаңалықтар