Астанада бауырсақ және қымыз фестивалі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29-30 шілдеде «Қазақстан» СК-нің көлік тұрағында Атырау, Жамбыл және Қарағанды облыстарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің сайты.

Жалпы 360 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: ет және ет өнімдері - 101 т, сүт өнімдері - 34 т, қант - 10 т, көкөніс - 153 т, нан және тоқаш өнімдері - 12 т және т.б.

Қарағанды облысы бауырсақ және қымыз фестивалін өткізеді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Арқа сазы» фольклор ансамблі концерттік бағдарламасын ұсынады.

Өңірлік жәрмеңкелер ауылшаруашылық өнімдерін нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан сатып алу үшін өткізіледі.

5-6 тамызда елордада Солтүстік Қазақстан облысының жәрмеңкесі өткізіледі деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар