Астанада банкрот-кәсіпорындардың саны артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында (МАЭС) борышкерлердің өздерін банкрот деп жариялау мен оңалту процедураларын қолдану туралы өтінімдердің көбейгенін хабарлады.

«Өткен жылы Астана МАЭС 165 азаматтық істі қарады, 155 заңды тұлға мен 10 жеке кәсіпкерге қатысты банкроттық процедура қолданылды. Ал биыл келіп түскен өтінімдер саны 673-ті көрсетті. Оның 605-і бойынша азаматтық іс қозғалып, шешім шығарылды. Аталған санат бойынша тағы 377 азаматтық іс сот өндірісінде жатыр. Бұл мәселе бойынша Астана МАЭС үш судьядан құралған арнайы мамандандырылған топ құрды. Судьялардың санын бұдан әрі көбейте алмаймыз, себебі біздегі штат саны жинақталған. Сондықтан, бұл мәселелермен үш судья айналысуда», - деді бүгінгі дөңгелек үстелде Астана МАЭС төрағасының міндетін атқарушы Айгүл Жамансариева.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қауқарсыздық туралы іс аясында қазіргі құқықтық механизмдер конкурстық жиынға мүлікті айтарлықтай қайтарып беруге және борышкерді бақылаушы тұлғаларды біріккен жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді. Банкроттық процедурасы барысында кредиторлардың берешек соманы алу мүмкіндігі кредиторлардың өз борышкерлерін банкрот деп жариялау туралы сотқа жиі жүгінуіне әкеп соғады.

Сонымен бірге, банкроттық пен оңалту процедурасын аяқтау мерзімін сақтау мәселелері тұрақты бақылауда. Бүгінгі таңда 202 шаруашылық жүргізуші субъектіге қатысты (2010-2016 жылдар) банкроттық процедурасы аяқталған жоқ.

Соңғы жаңалықтар