Астанада «Balapan» телеарнасының 7 жылдығы аталып өтіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздегі тұңғыш балаларға арналған «Balapan» телеарнасы 7 жылдығын атап өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Самға Балапан» атты мерекелік шара 23 қыркүйекте сағат 14:00-де Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.  

Осы орайда, 7 жылдық жұмысты қорытындылай келе, көркемдік кеңестің шешімі бойынша: «Ең үздік тікелей эфир жүргізуші», «Ең үздік бағдарлама жүргізуші», «Ең үздік анимациялық фильм», «Ең үздік ойын-сауықтық бағдарлама», «Ең үздік дубляж», «Ең үздік сценарий авторы», «Ең үздік режиссер», «Ең үздік спорттық бағдарлама», «Ең үздік телехикая», «Ең үздік музыкалық бағдарлама», «Ең үздік танымдық бағдарлама», «Ең үздік интеллектуалдық бағдарлама», «Ең үздік ойын-сауықтық бағдарлама» номинацияцияларымен марапатталып, соңы мерекелік гала-концертке ұласады.

Сондай-ақ, арна ұжымы кішкентай қонақтарға арнап әртүрлі тосын сыйлар, аниматорлар, аквагрим және селфи алаңы сияқты қызықты шаралар ұйымдастырады.

Еске сала кетсек, «Balapan» телеарнасы  2010 жылдың 27 қыркүйегінде «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ құрамында ашылған болатын.                                                  

 

 

Соңғы жаңалықтар