Астанада балалар арасында алғашқы паралимпиадалық ойындар басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада балалар арасында алғашқы паралимпиадалық ойындар басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Ойындарға еліміздің Ақмола, Алматы, Қостанай, Павлодар облыстары мен Астана қаласынан 120 спортшы қатысуда. 12-ден 18 жастағы өрендер спорттың бес түрі бойынша (волейбол, шахмат, қоңыраумен жүгіру, жүзу және арбада таңылғандар арасында жүргізілетін би сайыстары) бақтарын сынауда.

Ұйымдастырушылардың сөздерінше, елімізде есту қабілеті нашар балалар арасында волейболдан, көру қабілеті нашар жасөспірімдер арасында қоңыраумен жүгіруден, менталдық өзгерістері бар балалар арасында шахматтан паралимпиадалық жарыстар бұдан бұрын өткізілмеген. Бүгінгі ойындардың бірейгейлігі - осында.

Спортшылардың өнерін әлем чемпиондары, спорт шеберлері, спорттық биден Қазақстан федерациясының мүшелері бағалайтын болады.

Айта кету керек, аталмыш спорт түрлерінен паралимпиадалық ойындар келесі жылдан бастап республикалық деңгейде дәстүрлі түрде өткізілмек.

 

Соңғы жаңалықтар