Астанада БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Астанада «Хабар» агенттігінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Хабар» агенттігінің кубогына арналған дәстүрлі жарыс осымен үшінші мәрте ұйымдастырылғалы отыр.

Ала доп сайысы «Астана Аренада» 22 қазан күні таңғы 09:00-де басталады. Жарысқа 16 команда қатысады. Астанадағы баспасөз өкілдерінен бөлек, Алматы мен Солтүстік Қазақстан облысының тілшілері де турнирге қатысуға арнайы келе жатыр. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар