Астанада Әзербайжан Республикасының 100 жылдығы атап өтілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында Әзербайжан Демократиялық Республикасының 100 жылдығына арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркі академиясы халықаралық ұйымына (TWESCO) сілтеме жасап.



Жиынды құттықтау сөзбен ашқан Әзербайжанның Қазақстандағы елшісі Рашад Маммадов Әзербайжан Республикасының тарихи маңызы жайлы айтып өтті. 



Бас кеңсесі Бакуде орналасқан Түркі мәдениеті және мирасы қорының президенті Гүнай Эфендиева мен TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі де әзербайжан халқын мерейлі датамен құттықтады.



Сонымен қатар, осы шараға Әзербайжаннан арнайы келген танымал музыкант, осы елдің еңбек сіңірген әртісі Ислам Манафов классикалық музыкадан концерттік бағдарлама ұсынды.

Әзербайжанның Қазақстандағы Елшілігі мен Түркі мәдениеті және мирасы қоры бірлесіп ұйымдастырылған шара TWESCO қолдауымен өтті.

Соңғы жаңалықтар