Астанада азаматтарды тіркеу шаралары түнгі уақытта жүргізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы іспетті шаралар ЭКСПО-2017 көрмесі аясында қолға алынып отыр , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Көші-қон полициясының басшысы Гүлвира Дөненбаеваның айтуынша, ЭКСПО көрмесі қарсаңында арнайы Call-орталықтың қызметі ашылған болатын. Енді, 8-800-080-38-38 нөмірі арқылы кез келген уақытта көші-қон саласына қатысты барлық сұрақтардың жауабын алуға болады. Ал Сейфуллин көшесіндегі басқарманың ғимаратында шетелдік азаматтар түнгі уақытта да тіркеуге тұра алады. Аталған қызмет тәулік бойы жұмыс істейді.

«Қазіргі кезде ЭКСПО көрмесі аймағында бірыңғай қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Ол жерде көші-қон қызметкерлері шақыру қағаздары мен визаларды рәсімдеп, тіркеу шараларын жүргізеді. Тура осындай қызмет қаланың кіреберісінде орналасқан алты өткізу бекеттерінде көрсетіледі. Шетелдік азаматтар көп болса, Есіл ауданында орналасқан көші-қон бөлімшесінде қосымша тіркеу шаралары атқарылатын болады», - дейді Дөненбаева.

 

 

Соңғы жаңалықтар