Астанада аяқталмаған екі тұрғын үйдің салымшыларына 870 млн. теңге қаржы қайтарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Прокурордың талап арызымен алданған үлескерлерге «Тамыз инвест групп» компаниясының аяқталмаған құрылыс нысандары берілді, деп хабарлайды Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

13 маусымда Астананың экономикалық сотының шешімімен шығынға ұшырыған азаматтардың пайдасына қала прокурорының екі талап арызы қанағаттандырылды.

«Пана Комфорт» ТҮҚК-нің мүддесіне енгізілген талап арыздың қаралу нәтижесі бойынша жосықсыз құрылыс салушылар «Молодая семья» ТҮҚК-і және «Адал иншаат» ЖШС-нен («Тамыз инвест групп» АҚ-мен байланысты мекеме) 190 миллион теңге өндіріліп, аяқталмаған «Пана» тұрғын үй кешені жер телімімен бірге үлескерлерге берілді.

Сол сияқты, сот қала прокурорының «Имбейс» ТҮҚК-нің мүддесіне енгізілген талап арызы қанағаттандырылып, «Капитал строй сервис» ЖШС-нен 680 миллион теңге өндіріліп, қолданысқа берілмеген «Гранитный» ТК-і үлескерлерге берілді.

Қазіргі таңда, аталған тұрғын-үй құрылыс кооперативтерінде құрылысты аяқтайтын құрылыс салушыларды шақыру және ТК-ін қолданысқа енгізу мүмкіндігі туды.

Кәсіпкерлердің сұрауы бойынша қала прокуратурасы мен әкімдік отырып «аяқталмаған құрылыс объектілерінің жәрмеңкесін» ұйымдастырып, тұрғын үй кешендері құрылыс ұйымдарына таныстырылады.

Соңғы жаңалықтар