Астанада автокөлік үйге соғылып, жолаушы мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жеңіл автомобиль үйге соғылып, салдарынан жолаушының өмірі қиылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Астана ІІД баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбековаға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жол апаты 26 қарашада, 01:00 шамасында Бабатайұлы және Жаңа қоныс көшелерінің қиылысында болған. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар белгіленген.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Лада» маркалы автомашинаның жүргізушісі көлікті басқара алмай қалып, шарбақты бұзып өткен. Көлік үйге барып соғылған. Жол апатының салдарынан түрлі жарақаттармен 29 жастағы жүргізуші және 27 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді. 12:00 шамасында ауыр жарақат алған жолаушы жан тәсілім етті», - деп хабарлайды Софья Қылышбекова.

Автомобиль коммуналдық тұраққа қойылды.

Соңғы жаңалықтар