Астанада автокөлік отқа оранды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы сауда үйлерінің бірінің көлік тұрағындағы автокөлік түгі қалмай жатып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың хабарлауынша, «Керуен» СОО маңында Volkswagen Multivan көлігі жанып жатқаны туралы хабар 16:52-де келіп түскен. Автокөліктің түгі қалмай жанып кеткен.

«17:04-те тілсіз жау ауыздықталып, 17:20-да толықтай сөндірілді. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр», - дейді Р. Иманқұлов.

Өртті сөндіруге қалалық  Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 10 адамы және 2 техникасы жұмылдырылды.


 

Видеодан алынған скриншот

Соңғы жаңалықтар