Астанада автобустардың кешігуінің себебі белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада автобус бағдарларының кестеден ауытқуы көктайғақпен байланысты, деп хабарлайды әкімдіктің сайты «Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасы» ММ-на сілтеме жасап.

«Ауа райының қолайсыздығына және көктайғаққа байланысты кейбір қоғамдық көлік бағдарларының жұмысында бекітілген қозғалыс кестесінен кейін қалу байқалуда.

«Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасы» ММ орын алған жағдайға түсіністікпен қарауды және келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрайды», делінген таратылған хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар