Астанада аутизмі бар балаларды қолдау белгісі ретінде көк шарлар мен ленталар таратылуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Keruen» ОСО-да Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай қайырымдылық науқаны өтуде. Бұл шара барысында аутизмі бар балалардың барлығымен орта мектептерде білім алуына жағдай жасауға арналған мәліметтер беріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл сайын біз осы күні көк шарларды ұшырамыз. Көк түс - ол Autism Speaks атты үлкен қоғамдық ұйымның фирмалық белгісі (2005 жылы негізін қалаған). Сондықтан ұйымдастырылып отырған шараның тақырыбы осы түсте безендірілген. Бұл шараны өткен жылдарда қаладағы өзге де ірі сауда ойын-сауық орталықтарында өткізген болатынбыз, ал биыл «Keruen» СОСО-ны таңдадық. Өйткені осы жерге ата-аналар балаларымен көптеп келеді және оларға ұйым тарапынан толыққанды ақпарат беруге тырысамыз. Байқап отырғаныңыздай, осында жиналған балалардың бір бөлігі жобаға қатысушылар болса, қалғандары ата-аналарымен ойын орталықтарына келгендер», - деді «Болашақ» Корпоративтік қорының баспасөз хатшысы Әйгерім Арғымбаева.
null 

Атап айтқанда, Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай балаларға мольбертте сурет салудан шеберлер арнайы сабақ өткізуде. Сонымен қатар тұзды қамырмен мүсін жасау, аниматорлардың ойын-сауық бағдарламалары, лего-аймақтары ұйымдастырылды.

«Шара барысында балалар салған суреттермен безендірілген суреттерді 1 мың теңгеге сатып алуға болады.  Барлық түскен қаражат «Болашақ» Корпоративтік қорының «Әр бала мектепке лайықты» жобасын іске асыруына бағытталады. Біздің мақсат - ел тұрғындарына аутизм проблемасы туралы барынша ақпарат беру.  Сондықтан да 3000 ақпараттық флаерлар таратылады. Онда аутизм бойынша тиісті ақпарат қамтылады және оның белгілерін ажырату, сондай-ақ мұндай диагноз нақтыланып жатса, кімнің көмегіне жүгіну керектігі туралы мәліметтер беріледі. Негізі аутизмі бар балаларды шеттетпеу, барлығымен бірдей мектепке баруына жағдай жасауға екпін қойып отырмыз. Мұнымен қоса, олардың қоғаммен араласуында ешқандай кедергі болмауы тиіс. Соңғы екі жылда бізге ата-аналар тарапынан 700-ге жуық өтінім келіп түсті, сәйкесінше біз өзіміздің қолдауымызды жасаймыз. Биыл қаладағы екі мектепке қажетті жабдықтарды орнаттық. Сонымен қатар барлық балаларды білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін өңірлердегі мектептермен жұмыстарды атқарудамыз», - деді Әйгерім Арғымбаева.
null 

Айта кетейік, инклюзивті қоғамды дамыту мақсатында және ерекше күтімді қажет ететін жандардың тең мүмкіндік алу үшін «Болашақ» КҚ 30 наурызда жыл сайын бастау алатын  БАҚ, медиа мамандар  арасында «Әр бала мектепке лайықты» инклюзивті білім алу жайлы ең үздік  материалға байқау жариялады.  Байқауға қатысам деушілер қосымша ақпаратты www.bolashakcharity.kz  сайтынан таба алады.

null null null 

Соңғы жаңалықтар