Астанада әуежай мен вокзалдағы автотұрақ аязды күндерде тегін болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты, атап айтқанда қатты аяз күндері теміржол вокзалы мен халықаралық әуежайдың даладағы тұрақтары тегін болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Астана LRT» ЖШС-ның Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

«Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты ашық тұрақтардағы шлагбаумдар «ұйқы режимінде» болады. -40 градус жағдайында шлагбаумдар істен шығып, кептелістерді туындатуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Уақыт үнемдеу мақсатында шлагбаумдар ашық тұрады, даладағы ақылы көлік тұрағына кіру тегін болады.

Ал халықаралық әуежайдағы жабық тұрақтың тарифтері бұрынғысынша қала бермек.

Күндіз 12 сағатқа дейін - 1 400 теңге. 
12-ден 24 сағатқа дейін - 2 000 теңге. 
Келесі тәуліктерде - 1 800 теңге.

Соңғы жаңалықтар