Астанада аударыспақтан халықаралық турнир жеңімпаздары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Қазанат» ипподромында жалпы жүлде қоры 5 миллион 200 мың теңгені құрайтын аударыспақтан халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының хабарлауынша, төрт салмақ дәрежесінде өткізілген байрақты бәсекенің бас жүлдесін отандастарымыз өз қанжығасына байлаған.

17 тамыз күні 80, 90 және 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды.
null

80 келі спортшылар арасында қазақстандық Есімхан Рахматілла жеңімпаз атанды, Монғолияның Баян-Өлгей аймағының бас балуаны  Жеңісбек Серікұлы - екінші орынды, қытайлық қандасымыз Мұқат Қуанышұлы үшінші орынды иеленді.

90 келі салмақ дәрежесіндегі белдесуде, ел намысын қорғаған Сырым Ізбасаров - бас жүлдені, монғолиялық қандасымыз Бақытбек Ақби - «күмісті», қырғызстандық Маратбек Алтымышев қола жүлдені жеңіп алды.

90 келіден жоғары салмақта отандасымыз Біржан Қосалиев қарсылас шақ келтірмеді. Ал Күміс жүлдені Қытай командасының балуаны Серік Үсен, қола жүлдені Монғолиялық Досжан Байыс жеңіп алды.

18 тамыз -  турнирдің екінші күнінде «түйе балуан» салмақ дәрежесіндегі белдесулер өтті. Бұл санатта 5 мемлекеттің - Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Ресей және Мажарстанның 18 спортшысы бақ сынады. Нәтижесінде, қазақстандық Біржан Қосалиев жеңіске жетіп, турнирдің бас жүлдесі «түйе балуан» белбеуіне ие болды.

Айта кетейік, турнирдің жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан қатысты. 80, 90 және 90 келіден жоғары салмақ санаттарындағы жеңімпаздарға - 700 мың, екінші және үшінші орындарға, сәйкесінше 500 және 200 мың теңге көлемінде сыйақы берілді. «Түйе балуан» иегері Біржан Қосалиевқа 1 миллион теңге табысталды.
null 
null

null

 
null

Соңғы жаңалықтар