Астанада атақты пианиношы Эмиль Гилельске арналған концерт өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Нұрлан Ызмайлов XX ғасырдың ұлы пианиношыларының бірі Э.Г. Гилельстің 100 жылдығына арнап «Мазурка, вальс, полонездер...» атты концертті ұсынады.

«Астана Опера» театрының баспасөз қызметінің хабарлауынша, музыкалық кеш 7 қарашада театрдың камералық залында өтеді.

Эмиль Гилельстің шығармашылығын әлемдік пианизмнің ірі жетістіктерінің қатарына жатқызады. Эмиль Григорьевич Гилельс - КСРО Халық әртісі,  «Санта-Чечилия» ұлттық академиясының (Рим, Италия) құрметті академигі, Лондонның корольдік музыка академиясының (Ұлыбритания) құрметті мүшесі, көптеген ордендер мен медальдар, соның ішінде Өнер және әдебиет ордені (Франция), I Леопольд ордені (Бельгия), Париждің Алтын медалі, Брамстың медалі (Гамбург, Алмания) және т. б. иегері.

null 

Қазақстандық танымал пианиношы Нұрлан Ызмайловтың ұстазы - кезінде Парижде атақты Рауль Пюньодан (Р. Пюньоның педагогы - Ж. Матиас ұлы поляк композиторы және асқан шебер пианиношы Фредерик Шопеннің шәкірті) дәріс алған  Я. И. Ткачтың оқушысы Эмиль Гилельс. Ұлы музыканттарды еске алу ретінде осы кеште Ф. Шопеннің шығармалары орындалады, өз кезегінде оның шығармашылығы Н. Ызмайловтың репертуарында ерекше орынға ие..

Концертті жүргізетін - «Мәдениет қайраткері» Маржан Жәкенова.

Концерт Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады. 

null

Соңғы жаңалықтар