Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 332.80
EUR 390.57
RUB 5.60
CNY 49.88

Астанада «Astana EXPO 2017 International Criterium» веложарысы басталды

Астанада «Astana EXPO 2017 International Criterium» веложарысы басталды
2017 жылғы 12 тамыз 14:18 465

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Astana EXPO 2017 International Criterium» кәсіби шоссейлік веложарысы басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бүгін «ЭКСПО-2017» аумағында қатысушылардың таныстырылымы өтті. Шараны танымал ресейлік журналист, «Eurosport» арнасының орыс редакциясының алтын дауысы - Сергей Курдюков жүргізді.

«Тамаша спорттық шара қатысушыларын құттықтаймын. Өздеріңіз білесіздер, біздің теңдессіз командамыздың арқасында Астана велосипед әлемінде танымалдылыққа ие болды. Онда Астананың команда ғана емес, қала ретінде де танылғанын қалаймыз, сондықтан мұндай ауқымды шаралардың біздің қалада өтетініне қуаныштымыз және жыл сайын ұйымдастыру үшін бар күшімізді саламыз. Баршаңызға табыс пен жеңіс тілеймін!», - деді елорда әкімі Әсет Исекешев таныстырылым барысында.

Веложарысқа әлемнің 15 елінен жиналған 20 команда қатысуда. Олардың арасында құрамына Гранд турлардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, велоспорт бойынша олимпиадалық ойындардан медаль алғандар енетін Әлемдік турдың кәсіби командалары да бар.

Көш бастап тұрғандар қатарында «Тур де Франс» жеңімпазы, британдық Team Sky командасының өкілі  Крис Фрум және оның серігі Микель Ланда және «Астана» құрамында өнер көрсеткен, қазіргі Astana Pro Team көшбасшысы Фабио Ару бар.

Велосипедшілер Түркістан, Достық, Ақмешіт және Қонаев көшелері арқылы «Бәйтерек» монументін 1,6 шақырымнан 30-35 рет айналып шығады.


Астанада «Astana EXPO 2017 International Criterium» веложарысы басталды
Астанада «Astana EXPO 2017 International Criterium» веложарысы басталды
Астанада «Astana EXPO 2017 International Criterium» веложарысы басталды
Астанада «Astana EXPO 2017 International Criterium» веложарысы басталды
Астанада «Astana EXPO 2017 International Criterium» веложарысы басталды

 
Астанада «Astana EXPO 2017 International Criterium» веложарысы басталды

 

 

Басты сөздер: EXPO-2017, Астана, Спорт,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер