Астанада аштық құрбандарына орнатылған ескерткіш-мүсін ұрланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада аштық құрбандарына орнатылған композициялық ескерткіштен ұл баланың қола мүсінін ұрлап кеткен. Полицейлер күдіктіні үстап,қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Абай-Республика көшелерінің қиылысында орналасқан 1932-1933 жылдардағы аштық құрбандарына арналған ескерткіштің бір бөлігін ұрлаған күдікті қамауға алынды»,-деп жазылған хабарламада.

ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

null 

Сонымен бірге ұрланған мүлікті сатып алған адамның да аты-жөні анықталды. Қазір 196-бап  (Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi күні бұрын уәделеспей иемдену немесе өткізу) бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Жүген ұстаған бала композициясын полицейлер металл сынықтарын қабылдау пункттерінің бірінен тапқан.

Соңғы жаңалықтар