Астанада асфальтті «жарып шыққан» қол туристерді таңғалдырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы жер астынан шығып тұрған қолдың мүсіні туристерді таңғалдырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл инсталляцияда асфальтті «жарып шығып», алақанына ағаш өсіп тұрған мүсін бейнеленген. Қалалық шешімдер бюросының директоры Дәурен Қайсаров әлеуметтік желіде жазылушыларының назарын осындай көрікті композицияға аударып: «Манникюрдің жарнамасы ма? Жоқ! Сіздер елордамыздың жаңа көрікті жерін не деп атар едіңіздер?» - деп жазды.

Желі қолданушылары бұл инсталляцияны Бакудегі мүсінмен салыстырды.

Атап өткен жөн, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезеңінде Қазақстан астанасында ерекше мүсіндер мен жас көшеттер пайда болды.  

Соңғы жаңалықтар