Астанада ана туралы телехикаяның тұсауы кесілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада шынайы оқиғаға негізделген «Ана жүрегі» телехикаясының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Тұсауы «Сарыарқа» ОСО-да кесілген телехикаяда Алматы қаласындағы аудандық соттардың бірінде судья болып қызмет атқаратын Райгүл мен оның ұлы Арманның өмірі баяндалады. Райгүл ақылына көркі сай болады. Бірақ мінезі өте қатал болады. Мінезінің тік болып қалыптасуына жұмысы, құндақтағы сәбиімен жалғыз қалуы, қиындыққа толы өмірі әсер етеді. Басты кейіпкердің өмірінде жалғыз ұлы мен жұмысы ғана бар. Сонымен қатар, драмада ЭКО көмегімен екі баланың дүниеге келуі, Райгүлге жасалған құйтырқы әрекеттер мен алаяқтық әрекеттер де суреттеледі.

«Биылғы жаңа телевизиялық маусымға «Хабар» агенттігі көптеген әлеуметтік телехикаяларды дайындаған болатын. Мұның алдында қарттардың тағдырына арналған «Қария» деген телехикая көрерменге жол тартса, әйел дәрігерлердің қызығы мен шығыжын суретттейтін «Абзал жан» атты туынды көрсетілді. Осыдан бір апта бұрын ғана зейнет жасына шыққан кейін де өмір бар екенін дәлелдейтін, егде тартқан адамдардың ерекше махаббат сезімін паш еткен «Мезгілсіз махаббат» атты әлеуметтік сериалымыз көрсетіле бастаған болатын. Енді міне, бүгін кезек «Ана жүрегі» атты отандық мелодрамаға келіп отыр. Ана деген ұғымның әр қазақ үшін, мұсылман үшін қастері ерекше екенін білесіздер. «Жұмақ ананың аяғының астында» деген қасиетті сөз бекер айтылмағаны түсінікті. Осы қасиетті ұғымдарды ту етіп алып, ресжиссер Санжар Омаров, продюссерлер Гүлнұр Мамасарипова мен Гүлбаршын Зайырова бірігіп, жаңа әлеуметтік драманың концепциясын бізге ұсынды», - «Хабар» агенттігі АҚ-ның басқарма төрғасының орынбасары Ринат Кертаев.

Оның айтуынша, сериалдың кейіпкерлері күнделікті өмірден алынған.

«Оның кейіпкерлері ХХІ ғасырдағы қазақ қоғамында өмір сүретін адамдар. Бірақ енді кино болғаннан кейін сериалға сай ыңғайлауға тырыстық. Десе де, бір білетін дүние - бұл оқиға 2000 жылдардың басында Қазақстанда болған. Оның кейіпкерлерінің бар. Бұл күнде Алматы қаласында тұрып жатыр. Сериалды көріп отырғанда бір жағынан ойланып, қарапайым замандастардың өміріндегі түрлі түйткілдерді байқап, ой түюге мүмкіндік аларсыздар деген ойдамыз», - дейді Кертаев.

Басты рөлдерді Лейло Бекназар-Ханинга, Шәріп Серік, Жанел Мақажан, Олжас Тоғымбет, Айзада Сатыбалдиева, Зируза Тасмағамбетова мен Нұрсұлтан Есжан сомдайды.

Картинаның режиссері - Санжар Омаров. «Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсірілген телехикая 14 қарашадан бастап сейсенбі мен жұма аралығында сағат 21:30-да көрсетіледі.

Айта кетейік, жаңа туында 14 қарашадан бастап «Хабар» телеарнасында көрсетілетін болады.

Соңғы жаңалықтар