Астанада «Алтын жебе» халықаралық турнирі өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат   - Астанадағы «Қазанат» атшабарында Жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық турнирінің екінші күнінің сайыстары өтіп жатыр, деп хабарлайды ұйымдастырушылар. 

Жарысқа 10 елден келген 20-ға жуық сұрмергендер қатысуда.

Қазақстаннан ел намысын «Алтын жебеде» бес спортшы қорғайды.   Олар;   Жамбы атудан Қазақстан Республикасы чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, 2016 жылғы «Ұлы дала ойындары» фестивалінің жеңімпазы атанған Елдос Бадашев және елішілік чемпионатта топ жарып жүрген саңлақтарымыз Сарыбай Айтбек, Айкөз Ералхан, Тулыбаев Абзал, Үзденбаев Бекқали.

 Қазақ елінде тұңғыш ұйымдастырылған  «Алтын жебе» турнирі үш кезеңнен:  шапшаң ату, қалқан ату және жамбы атудан тұрады.

Айта ктер жайт, жамбы ату қазақ халқында кең тараған мергендік сынның бір түрі. Атпен шауып келе жатып жігіттер екпінін бәсеңдетпестен құрулы бақан үстіндегі нысананы атып құлатуға тиіс. Ереже бойынша спортшылар сөреде өз сәйгүліктерінің жанында болады. Төреші белгі берісімен олар аттарын тез ерттеп, шаба жөнеліп, жолындағы нысаналарды атып құлатулары керек.

Соңғы жаңалықтар