Астанада Әлішер Науаиға ескерткіш орнатылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылу салтанатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа ескерткіштің бой көтеретінін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстарды нығайтып, руxани қарым-қатынасымызды нығайтуымыз қажет. Көп ғасырлық достығымызды күшейтуіміз керек. Сол себепті біз Астана қаласында Әлішер Науаиға ескерткіш орнатылады. Ұлы Абайдың ескерткіші де Ташкент қаласында ашылған болатын», - деді Мемлекет басшысы.
null 

Айта кетейік, Әлішер Низамаддин Мир Науаи - түркі халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекет қайраткері. Түркі-шағатай тілінде «хәмсә» жырлар тобына енетін «Жақсылардың таңдануы» (1483), «Фархад пен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті әлем» (1484), «Ескендір дуалы» (1485) атты шығармаларын жазды. 1488 - 1501 ж. ол тарихи-өмірбаяндық («Әджәм патшаларының тарихы», «Саид Хасан Ардашердің өмірі», Пәһлован Мұхаммедтің өмірі»), дидактикалық-философиялық («Құстар тілі», «Көңілдердің сүйгені»), әдеби-теориялық («Өлең өлшемі»), лингвистикалық («Екі тілдің таласы»), әлеуметтік-экономикалық («Вақфия»), діни-ғұрыптық («Пайғамбарлар мен хакімдердің тарихы», «Мұсылмандық нұры», «Гауһарлар шоғыры») туындыларын жазды. Парсы тілінде 12 мың жол өлеңін «Диуан-фани» деген атпен дербес жинақ етіп құрастырды. «Бес қайрат» («Хәмсәт ул-мутахаирин») кітабын ұстазы Абдрахман Жәмиге (1414 - 92) арнады. 15 ғасырда өмір сүрген 400 шайырдың шығармашылығынан мәлімет беретін «Ғажайып мәжілістер» («Маджолис ун-нафоис») кітабын шығарған.

Соңғы жаңалықтар