Астанада алғашқы Yoga Fest өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Елорданың жаңа Йога-саябағында алғашқы Yoga Fest фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Шара аясында жаппай сауықтыруға негізделген йога сабақтар жүргізілді. Мерекелік шараға әр түрлі жастағы қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Ерекше фестивальге ниет білдіргендердің қатары аз болмады, 100-ден астам атсалысты, деп жазады қала әкімдігінің сайты .

Фестиваль қоғамдық қайырымдылық қоры, меншікті коммуналдық қор және Үндістан Елшілігіне қарасты үнді мәдени орталығының ықпалымен ұйымдастырылды.

Шырайлы шара аясында келушілерге үнді мәдени орталығының докторы, жаттықтырушы Бриджеш Гупт жаттығу сабағын өткізді. Өз ісінің білгірі қатысушыларға ежелгі өнердің негізгі тетіктерімен таныстырып, дұрыс әрі жүйелі тамақтанудың тәсілдерін көрсетті.

Сондай-ақ, фестиваль аясында көрермендер өнерлі топтың музыкалық қойылымдары мен билерін тамашалады. Үнді халқының бансури аспабымен екі елдің туындылары ойналды. Вегетариандық ас мәзірін даярлаудың жолы да шара аясында ұсынылды.

Шара соңында флэшмоб ұйымдастырылып, салауатты өмір салтының символы ретінде көкке 100 жасыл шар ұшырылды.

Yoga Fest жиналғандарға жарқын көңіл-күй, күш-қуат, қуаныш сыйлағаны сөзсіз. Фестивальге қатысқандар шараның бұқаралық сипатқа ие әрі салауатты өмір салтын насихаттаудың таптырмас жолы екенін жеткізді. Әрі осындай мазмұндағы мәдени шаралардың жалғасын табуын қалайтындарын да білдірді.  

Соңғы жаңалықтар