Астанада алдағы күндері қандай мәдени шаралар өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы 2018 жылғы 1-7 қаңтар аралығында елордада өтетін шаралар жоспарын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1-7 қаңтар күндері Тәуелсіздік сарайында суретші Мұхтар Байбосыновтың «Ән-күй озаттарына ізет» жеке көрмесі өтеді. Сондай-ақ, бұл күндері Тәуелсіздік сарайында Жанна Спунердің «Кеңістіктегі қозғалыс» жеке коллекциясынан көркем өнер көрмесі, «Былғары тері» көрмесі, Астана қаласының суретшілер Одағының бірлескен «Тәуелсіздіктің белгісі - Астана» көрмесі, «Еркіндіктің дастаны - Астана» фотокөрмесі және 1-13 қаңтар күндері «Елбасы арманы - асқақ Астана» фотокөрмесі қойылады.

Сонымен бірге, 1-7 қаңтарда Қуыршақ театрында 12.00 және 14.00-де «Сказка Дедушки Мороза» жаңажылдық қойылымы, Астаналық циркте 16.00-де «Разморозка» жаңажылдық цирктік шоуы өтеді.   

2-4 қаңтар күндері М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 11.00,13.30 және16.00-де М. Непряхиннің «Маша, Серый және Потапыч» жаңажылдық ертегісі қойылады.

4-5 қаңтарда «Жастар» сарайында 09.00-де «Феерия» атты VI халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі болады.

4-5 қаңтарда «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында 19.00-де және 5 қаңтар күні 12.00, 19.00-де П. Чайковскийдің «Щелкунчик» балеті қойылады.

5-6 қаңтарда М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 11.00-де М. Непряхиннің «Маша, Серый және Потапыч» жаңажылдық ертегісі қойылады.

6 қаңтар күні 12.00 және 18.00-де «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында 19.00-де П. Чайковскийдің «Щелкунчик» балеті басталады. Сонымен бірге, бұл күні 18.00-де М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында А.Касонның «Дикарь. Третье слово» мелодрамасы қойылады.

7 қаңтар күні 18.00-де «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында 19.00-де П. Чайковскийдің «Щелкунчик» балеті өтеді.

Соңғы жаңалықтар