Астанада алдағы күндері аптап ыстық болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада алдағы күндері аптап ыстық болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің медиа орталығы .

28 маусымда күндіз ауа райының болжамы бойынша, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады, сынап бағасы +28, +30 градус жылылықты көрсетеді.

29 маусымда елордада көшпелі бұлт сақталады, жауын-шашын жаумайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14 м/с құрайды. Түнде ауа температурасы +16, +18 градусты, күндіз +30, +32 градусты көрсетеді.

30 маусымда Астана көшпелі бұл жүреді, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде ауа бағамы +19, +21, күндіз +28, +30 градусқа дейін күн ысиды. 

Соңғы жаңалықтар