Астанада алаяқ полицейлер тұрғындардан ақша бопсалаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада полиция кейпіндегі алаяқтар қала тұрғындарын жауапқа тартамыз деп қорқытып, ақша бопсалаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана ІІД тергеу басқармасы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдіктілер өздерін полиция қызметкерлері деп таныстырып, адамдарды алдау арқылы жауапқа тартамыз деп қорқытып, заңсыз ақша алып жүрген. Аталған қылмыстар бойынша 1981 жылы туған Ұлан Құсайынов және 1982 жылы туған Жаслан Шалабаев күдікті болып отыр», - делінген ІІД баспасөз парағында.

Полиция жоғарыда есімдері аталған тұлғалардан жәбір көргендерден Астана ІІД-нің (Бейбітшілік көшесі, 19-үй), 8 (7172) 71-60-46 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар