Астанада алаяқ әйел бөтен біреудің дәмханасын сатып жіберген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғыны жарнама арқылы ер адамға бөтен біреудің дәмханасын сатып жіберген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қалалық сотқа сілтеме жасап.

Сатып алушы сайттан дәмхананың сатылатыны туралы жарнаманы көріп, хабарласады. Кездесу кезінде ол сатушыға алдын ала төлем ретінде 1 млн 250 мың теңге береді.

«Кейін ол дәмхананың үшінші тұлғаға тиесілі екенін, әйелдің оны сатуға құқығы жоқ екенін біліп қалады да, дереу оған хабарласады. Бірақ әйел оған ақшаны қайтарудан бас тартады», - дейді қалалық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Ер адам әйелдің үстінен сотқа шағым түсірді. Алматы аудандық соты оның талабын қанағаттандырып, қаржыны қайтаруға шешім шығарды.
Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар