Астанада алапат өрттен ер адам жапа шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада екі қабатты тұрғын үй өртеніп, ер адам жапа шекті, деп хабарлайды Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

«Бүгін, 22 ақпан күні, 13:35-те «101» номеріне Гагарин 34 мекенжайындағы үйде өрт болып жатқандығы туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына барғанда екі қабатты ғимараттың отқа оранғанын көрген. Тілсіз жаумен күрес кезінде ТЖД қызметкерлері 6 тұрмыстық газ баллонын алып шықты. Өрт аумағы 220 шаршы метрді қамтыды. Өрт 14:39-да оқшауланып, 17:44 ауыздықталды», делінген хабарламада.

Өрт кезінде 24 жастағы жігіт жапа шекті, ол №.1 қалалық ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнында 6 бірлік техника мен Астана қаласы «ӨСҚ және АҚЖ» ММ-нің жеке құрамынан 24 адам жұмыс істеді. ОӨАЖҚЖ-дан 1 техника мен 5 адам, полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар