Астанада аламан бәйге өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қыркүйек Астанадағы «Қазанат» ипподромында бәйге түрлері бойынша жарыс өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Сағат 15.00-те басталатын жарыс бағдарламасына 7 шақырымға шақталған жорға жарыс пен 21 мың метрлік аламан бәйге кіреді.

 Сонымен қатар,  Қазақстан жастарының құрметіне  (1,4 шақырымдық),  Халықаралық  «ЭКСПО-2017» көрмесінің құрметіне (1,8 шақырым),  «Мәңгілік ел»  (2 400 м), және супер дерби (2,4 шақырым) сыйлықтар қарастырылған.

Жүлде сомасы үшінші орынға дейін бөлініп беріледі, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі.

 

Соңғы жаңалықтар