Астанада ақын-жазушылар марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Ауыл» партиясы мен «Әдебиет порталы» ұйымдастырған «Ауылым - алтын тұғырым!» әдеби онлайн байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Салтанатты шара С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ғимаратындағы концерт залында өтті.

Онлайн байқауға келіп түскен 219 шығарманың - 79-ы проза, 18-і - драматургия, 122-сі - поэзия жанрында. Қазылар алқасы әр жанрға 3 орыннан тағайындалған 9 жүлделі орынға қосымша 8 арнайы әдеби сыйлық қосуды ұйғарды. Сонымен қатар, үздік авторлар арасынан ең жоғары жүлде - «Алтын Тұғыр» сыйлығын беру жөнінде шешім шығарылды, деп жазды adebiportal.kz.

Жеңімпаздар тізімі:

Поэзия:

Ұларбек Дәлейұлы - 1-орын 500 мың теңге

Дәурен Берікқажы - 2-орын 300 мың теңге

Адал Қалиұлы - 3-орын 200 мың теңге.

Поэзия аталымы бойынша арнайы жүлде иегерлері:

Ілияс Мұқайұлы - Тұманбай Молдағалиев атындағы сыйлық

Айжан Табаракқызы - Фариза Оңғарсынова атындағы сыйлық

Алтынқадыс Күнтуғанұлы - Есенқұл Жақыпбеков атындағы сыйлық

Назерке Рамазанқызы - «Әдебиет порталының» ақын Әмірхан Балқыбек атындағы сыйлығы.

Проза:

Өміржан Әбдіхалықұлы - 1-орын 500 мың теңге

Мақсат Рамазанұлы - 2-орын 300 мың теңге

Есболат Айдабосынұлы - 3-орын 200 мың теңге.

Проза аталымы бойынша арнайы жүлде алғандар:

Асан Әлиев - Сайын Мұратбеков атындағы сыйлық

Қанат Әбілқайыр - Тәкен Әлімқұлов атындағы сыйлық

Мұрат Алмасбекұлы - Сәкен Жүнісов атындағы сыйлық.

Драматургия:

Манарбек Қыдырбай - 1-орын 500 мың теңге

Алмас Мырзахмет - 2-орын 300 мың теңге

Әскерхан Ақтай - 3-орын 200 мың теңге.

Драматургия аталымы бойынша арнайы жүлделер:

Маржан Ершу - Өзбекәлі Жәнібеков атындағы сыйлық

Мінәйхан Салтанат - Асқар Тоқпанов атындағы сыйлық

Айсұлу Жолтайқызы - Қалтай Мұхамеджанов атындағы сыйлық.

Сонымен қатар, барлық жеңімпаз авторлардың арасынан ең үздігіне берілетін байқаудың бас жүлдесі - «Алтын Тұғыр» сыйлығы журналист Ұларбек Дәлейдің қанжығасына байланды.

  

 

Соңғы жаңалықтар