Астанада ақылы жолдағы қарызы үшін жүргізушіге 150 мың теңгеге айыппұл салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың Сарыарқа аудандық соты жүргізушіден 153 мың теңгеге жуық ақшаны өндіріп алу туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Сотқа «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілдері жүгініп, «Астана-Петропавл» республикалық маңыздағы автокөлік жолының ақылы учаскесімен жүргені үшін қалыптасқан қарызды Ш. есімді азаматтан тиісті сомада өндіріп алу туралы өтінім жасады.

Жүргізілген талдаудың барасында аталған жүргізушінің сапарлары нақтыланды. Осы ретте борышкерге ескерту хабарламасы жіберілген, алайда ол ерікті түрде оны орындамаған.

«Жауапкерден 152 900 теңге көлемінде қарыз сомасын төлету жөнінде сот шешімі шығарылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ»,-деп хабарлады елорда сотының баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2016 жылы «Астана-Петропавл» жолының бойындағы «Астана-Щучинск» ақылы жолында жиналған қаржының көлемі 1 млрд. 251 млн. теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар