Астанада АИТВ жұқтырған 20-ға жуық науқас дәрігерлерден қашып жүр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АИТВ жұқпасын жұқтырып, диспансерлік тіркеуден бас тартып жүрген науқастар қоғам үшін қауіпті.

Дәл осы мәселе Астананың ЖИТС-ке қарсы күрес орталығында қалалық ішкі істер басқармасы мамандарымен бірге талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

null 

ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, отырыс барысында мамандар екі жақты пікір алмасып, бүгінгі таңдағы АИТВ мәселесіне тоқталды. Дәрігерлер аталған инфекцияны жұқтырушылар саны күннен-күнге өсіп келе жатқанын, оның алдын алу жолында кездесетін қиындықтарды атап өтті. Мамандардың айтуынша, АИТВ-ны жұқтырған, бірақ мамандар көмегі мен кешенді ем алудан бас тартып, қашып жүрген науқастар өзі үшін де, өзгелер үшін де аса қауіпті. Науқас тиісті дәрі қабылдап, өз денсаулығын күтпеген жағдайда ауруы асқынып, не болмаса дені сау адамға жұқтыруы әбден мүмкін.

«Бүгінде қаламызда осындай 20-ға жуық науқас дәрігерлердің көмегінен бас тартып, қашып жүргені белгілі. Өкінішке орай, олардың тұрақты тұратын баспанасы не болмаса тұрақты тіркеуі болмауы себепті іздеп табу біз үшін мүмкін болмай тұр. Осы мәселеде сіздердің көмектеріңізге жүгінуге тура келеді», - деді орталықтың эпидемиолог-дәргері Ерік Серікұлы ішкі істер мамандарына қарата.

null 

Осы орайда ішкі істер басқармасының қызметкерлері бірлесе жұмыс істеу екі тарапқа да тиімді болатындығын, алайда қаңғыбастарды заң бойынша орталықтарда бір айдан артық ұстап тұра алмайтындықтарын баса айтты.

«Ал сол бір ай ішінде оларды қоғамға бейімдеу де, ауруынан сауықтыру да мүмкін емес. Сол себепті осы мәселеге байланысты құзырлы орындарға заңның кемшіл тұстарына байланысты ұсыныс айтып келеміз», - деді қалалық жергілікті полиция басқармасы қабылдау-тарату бөлімінің бастығы Мұрат Бейсенбенов.

null 

Айта кетейік, 2017 жылдың бірінші тоқсанында Астанада АИТВ инфекциясын жұқтырудың жаңадан 49 дерегі тіркелді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір көп деуге болады. Тіркеуде тұрған науқастардың барлығы уақытылы ем қабылдап, дәрігерлік кеңес алуда.

Соңғы жаңалықтар