Астанада Абай Құнанбаевтың өзбек тіліне аударылған кітабы таныстырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбек тіліне аударылған Абай Құнанбаевтың кітабы «Eurasian Book Fair - 2018» ІІІ Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде таныстырылатын болады. Бұл жайында бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі» жобасының жетекшісі Раушан Тұрлынова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның атап өтуінше, көрме-жәрмеңкеге келетін делегациялар жекелеген, толыққанды бағдарлама да ұсынатын болады.

«Өзбек делегациясы «Ұлы қазақ ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасы» деп аталатын кітап стендін дайындады. Көрмедегі жарқын шаралардың бірі өзбек тіліне аударылған Абай Құнанбаев кітабының тұсаукесері болмақ. Қазіргі уақытта өзбек халқы Абай Құнанбаевты орта ғасырдағы ұлы түркі ақыны әрі философы Навоимен салыстырады. Соңғы жылдары өзбек халқы біздің мәдениеттеріміздің өзара байланысына баса назар аударып отыр. Өзбекстанда Абайға ескерткіш қойылды. Ағымдағы жылы олар кітап көрмесін ұйымдастырып, онда Абайдың шығармаларын қоймақ. Сонымен қатар құрметті қонақ ретінде Қазақстаннан да делегация шақыруға ниет танытуда», - деді Раушан Тұрлынова.

Естеріңізге сала кетейік, «Eurasian Book Fair - 2018» ІІІ Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі сәуірдің 25-28 аралығында «Көрме» көрме орталығында жұмыс істейді. Биылғы көрме ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана әкімдігінің қолдауымен елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған.

Соңғы жаңалықтар