Астанада 9 жасар бала жоғалып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полицейлері жоғалған 9 жасар баланы іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10 мамырда сағат 12:10 кезінде «Алатау» спорт кешенінен 9 жасар бала шыққаннан кейін із-түзсіз жоғалып кетті. Оның есімі - Мейіржан. Бала үстіне мектеп формасы мен көк түсті жеңсіз күртеше киген. Басында «Реал Мадрид» деген жазуы бар көк бейсболка. Сонымен қатар арқасына көк түсті рюкзак асынып алған», - делінген Мейіржанның ата-анасы таратқан мәліметте.

Астана ІІД баспасөз қызметі жоғалған баланың ата-анасы полиция көмегіне жүгінгенін хабарлады. «Жеткіншектің ата-анасы полицияға сағат 12:50 кезінде хабарлады. Полицейлер баланың жүрген жерін анықтау бойынша іздеу шараларына жұмылдырылды», - делінген ІІД хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар