Астанада 75 металл қабылдайтын пункт заңсыз жұмыс істеп келген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының ІІД түсті және қара металл қабылдау пункттерін тексеруде, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты .

Елордада Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен полиция қызметкерлері түсті және қара металл (кабель, құдық қақпақтары) ұрлаудың алдын алуға бағытталған жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде.

Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметінше, Астанада түсті және қара металл қабылдайтын 93 пункт жұмыс істейді, соның ішінде 18-інің лицензиясы болса, 75 пункттің тиісті құжаттары жоқ.

Астана қаласының ІІД хабарлауынша, жедел алдын алу іс-шарасы барысында металл қабылдайтын 55 пункт тексеріліп, қосымша 8 пункт анықталып, тексерілді. Аталған пункттер тіркелмеген және металл қабылдауға рұқсат құжаттары жоқ. Шара барысында түрлі бұзушылықтар үшін 28 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түсті және қара металл ұрлаудың 5 дерегі тіркеліп, айыптылар ұсталды. Тергеу жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар