Астанада 700 кәсіпкерлік нысаны абаттандыру ережелерін бұзған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Жергілікті полиция қызметінің Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері абаттандыру ережелерін бұзуға қатысты 4 104 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оларға ҚР ӘҚБК-ның 505 бабы бойынша 52 млн теңге айыппұл салынды.

Қала әкімдігінің сайтының хабарлауынша, жасыл көшеттерді күту және қорғау ережелерін бұзғаны үшін 400 тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға 1,8 млн теңге айыппұл салынған.  

Аймақты қатты тұрмыстық қалдықтардан, құрылыс және ірі көлемді қоқыстан тазалауды сапасыз және уақтылы ұйымдастырмағаны, ғимараттардың қасбеттерін дұрыс күтпегені, кіреберістерде хабарландыру тақталарының болмағаны үшін 146 қызмет көрсететін ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6,2 млн теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 693 шағын және орта бизнес субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде дүкендер, дәмханалар, сауда үйлері, бизнес-орталықтар, дәріханалар және сұлулық салондары бар. Салынған айыппұлдар көлемі 22,8 млн теңге болды.

Соңғы жаңалықтар