Астанада 7 млрд теңгеге саябақ салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 7 млрд теңгеге саябақ салынады. Бұл туралы бүгін Астана қалалық мәслихатының кезекті сессиясында елорда әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана қаласында желілік саябақтың құрылысы басталды. Ол екі кезектен тұрады. Жалпы құны 7 млрд 200 млн теңгені құрайды. Көгалдандырылатын алаң - 141 мың шаршы метр. 10 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған. Оның ішінде жапырақты, қылқан жапырақты ағаштар бар. Гүлзар алаңы 7 мың шақырым болады»,-  деді Қосман Айтмұхамбетов.

Оның айтуынша, бүгінде Астанада 4 желекжол, 10 саябақ, 95 гүлзар бар. Оның бесеуі 2017 жылы ашылған. 2018 жылы 14 гүлзар мен желекжол құрылысы жалғастырылады. Олардың басым бөлігі сүрілген ескі үйлердің орнында болады.

«Елордада Қабанбай батыр даңғылымен, Түркістан, 24 және 26 көшелермен шектесетін атокөлік тұрағы бар ботаникалық бақ құрылысы жүргізілуде. Нысанды аяқтау 2018 жылдың ортасына жоспарланған.  Ботаникалық бақ аумағы 92 гектарды құрайды. Жоба құны 23 мрлд теңге болса, соның 12 млрд теңгесі жеке инвестиция болып отыр. Бүгінде ботаникалық бақта 2 жылыжай салынған. Оның бірінше тропикалық өімдердің 40-тан астам түрі, екіншісінде шөлейт өсімдерінің 40 түрі өсірілетін болады. Қазіргі уақытта 33 мыңнан астам ағаш отырғызылып, жасанды су қоймасы салынды. Ұзындығы 11 шақырымды құрайтын велосипед және жүгіру жолағы жасалып, жаяу жүргінші жолы төселді», - деді қала әкімінің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар