Астанада 6 мыңға жуық болашақ «сарбаз» іздестірілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда әскерге барудан бой тасалайтын жастар саны аз емес.

Астананың өзінде 6 мыңға жуық шақырылушы тиісті мекен жайынан табылмай, сала мамандарын сергелдеңге салып отыр.  

Осы күні Отан қорғаудан жалтарып жүргендер мемлекетке айыппұл түрінде 19 миллион теңге қарыз. Жастары 18-ден асса да, әскерге баруға асықпай жүрген жеткіншектер жетерлік. Басым бөлігі сан түрлі сылтау айтып, шақырту қағаздарын жауапсыз қалдырады.

Астана қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бөлім сержанты Жасұлан Асылбековтың айтуынша, әскерге шақыру науқаны басталғанда, олар үй-үйді аралап, шақырту қағаздарын таратады. Бірақ 10 шақырту қағазының екеуі ғана иесіне жетеді. Себебі жастардың дені мекен жайларын ауыстырып, ол туралы әскери шақыру комиссиясына ескертпейді.

Жалпы елордадағы әскерге шақырылушылардың 60% тиісті мекен жайларында тұрмайды.Сондықтан қоғамдық орындарда кез келген жеткіншектің құжаты тексеріліп, 18 жастан асқандары жинақтау пункттеріне жіберіліп жатыр. Ал әскерге барудан бас тартқандары ауқымды айыппұл төлеуге міндеттеледі. Жыл басынан бері осындай 2 мың дерек тіркелді.

Дереккөзі: «Хабар24» арнасы. 

Соңғы жаңалықтар