Астанада 5 жасар қыз баланы кімнің соққыға жыққаны анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 5 жасар қыз баланы соққыға жыққан күдікті анықталды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтемемен хабарлайды.

«Бүгін 5 жасар қыз бала ауруханадан шығарылды. Бала оған қамқоршы болып бекітілген әпкесіне табысталды. Тергеу шаралары толыққанды жүргізілді, оған заң өкілдері, психологтар жұмылдырылды. Қажетті сараптамалар тағайындалы. Іс материалдары сотқа жіберіледі» делінген хабарламада.

Күдікті анықталды, бірақ оның жеке басы туралы мәліметтер жарияланбауда. 

Еске сала кетейік, 3 наурыз күні Қуат Ахметжанов Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкілдің Фейсбуктегі парақшасына WhatsApp мессенджері арқылы келген №2 қалалық балалар ауруханасына түскен қыз бала туралы ақпаратты жариялаған болатын.

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент депутаты Зағипа Балиева бес жасар қыздың тағдырын өз бақылауына алды. Сонымен қатар ол баланың диваннан құлап, басына және денесіне ауыр жарақат алғандығына күмәнмен қарайтынын айтқан болатын. 

27 наурыз күні қыз бала №2 балалар ауруханасынан шығарылды. Бүлдіршінді алып кетуге тұтас делегация келді. Олардың арасында анасының әпкесі, психолог, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері, сондай-ақ Ішкі істер департаментінің қызметкерлері де бар. 

Қыздың нағашы әпкесі Ақмарал оны нағашы ағасы соққыға жықты деген қауесетке сенбейтінін атап өтті.  

Соңғы жаңалықтар