Астанада 5 автобустың жүру бағдары өзгертіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 22 қыркүйектен бастап Астана қаласы бағдар желісін модернизациялау аясында @astrabus_bot Telegram-ботында «Белсенді азамат» бағдар сызбаларын бағалау қорытындысы бойынша №301 қала маңына қатынайтын бағдар жұмысы жаңартылады, сонымен қатар, 4 қалалық бағдар сызбасы өзгертіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске салайық, №301 бағдар «Лесная поляна т/а» - Астана қ. (соңғы бекет Кабанбай батыр даңғылы бойындағы «Кардиохирургиялық клиника») қозғалыс сызбасы бойынша өтеді. Сонымен қатар, 4 қалалық бағдар сызбасы өзгертіледі:

- №18 бағдардың сызбасын ұзарту: «Достық» БСМК Орталығы» бастапқы аялдамасынан Ұлы дала көшесі-Қабанбай батыр даңғылы қиылысына дейін өзгеріссіз, бұдан әрі Қабанбай батыр даңғылына солға - Қабанбай батыр даңғылымен тура - «Стелла «Астана Жұлдызы» соңғы аялдама пункті. Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша.

- №26 бағдардың сызбасын ұзарту :«Астанаинерт» бастапқы аялдамасынан Көктал көшесі - М.Дулатов көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, бұдан әрі Көктал көшесімен тура - Оқжетпес көшесіне солға - Герцен көшесіне солға, бұдан әрі бағдардың қолданыстағы сызбасы бойынша. Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша.

- №37 бағдардың сызбасын ұзарту:«Ғарыш орталығы» соңғы пунктінен «Т/ж вокзалы» аяладамасына дейін өзгеріссіз, бұдан әрі Гете көшесі -  Біржан сал көшесі - Тынышбаева көшесі - Қарасай батыр көшесі - Аспара көшесі - Д. Дуйсенбаев көшесі - Герцена көшесі - Дулатов көшесі - Көктал көшесі - соңғы аялдама «Астанаинерт». Кері бағытта Қарасай батыр көшесі - К. Байсейітова көшесі қиылысына дейін ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша, бұдан әрі К. Байсейітова көшесі - Конституция көшесіне солға - І. Есенберлин көшесі - бұдан әрі қолданыстағы қозғалыс сызбасы бойынша.

- №60 бағдардың сызбасын ұзарту: «Г/м «Строймарт» бастапқы пунктінен Керей, Жәнібек хандар көшесі - Қабанбай батыр даңғылы қиылысына дейін өзгеріссіз, бұдан әрі Қабанбай батыр даңғылына солға - Ұлы дала көшесіне солға - соңғы аялдама пункті «Арнау» ТК». Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша.

 

Соңғы жаңалықтар