Астанада 23 қаңтарда сабақ болмайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 23 қаңтар күні, елордада мектеп оқушылары мен  колледж студенттеріне сабақ болмайды. Алдын ала ескертуді Астана қалалық білім басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылдың 23 қаңтарында ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші және екінші ауысымындағы 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды. Ақпарат қатты аяз болатынына байланысты алдын ала беріліп отыр», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар