Астанада 23 ителгіні Арабияға өткізбек болғандар ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайында Біріккен Араб Әмірліктеріне контрабандалық жолмен 23 ителгіні тірідей өткізбек болғандар құрықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

«Астана» шекаралық бақылау жасағының қызметкерлері «Астана-Дубай» бағытындағы ұшақтан 23 тірі ителгі құсы бар контрабандалық жүкті анықтады.

Жүк тиеліп жатқан кезде көлемі үлкен қара түсті 3 сөмке шекарашылардың күдігін туғызған. Тексеріс барысында олардың ішінен қызыл кітапқа енген құстар бар ағаш қораптар шықты.

Құқық қорғау және басқа да жауапты органдарға ақпарат беріліп, контрабандалық жүк Алматыға жіберілді.

null 

Соңғы жаңалықтар