Астанада 22-23 шілдеде Атырау, Ақтөбе жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарының жəрмеңкесі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22-23 шілдеде Астанада Атырау, Ақтөбе жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарының жəрмеңкесі өтеді.

Астана әкімдігі медиа орталығының хабарлауынша, сөрелерге барлығы 735 тонна ауылшаруашылық  өнімдері қойылады. Оның ішінде: 206 тонна ет, 53,5 тонна сүт өнімдері, 200 тоннадан астам картоп, көкөніс пен жемістер, 76 тонна бақша өнімдері, 15 тоннаға жуық балық, 26 мың жұмыртқа және тағы басқа көптеген азық-түлік сатылады.

Қала тұрғындары мен қонақтары тауарларды базар бағасынан төмен бағада сатып ала алады. Жəрмеңкеге 50-ден астам отандық өндірушілер қатысады. Оның ішінде «Айс» ЖШС, «Рокос» ЖШС, «Амангелді» ЖШС, «Молочные истории» ЖШС, «Гринхаус Казахстан» ЖШС т.б.

Бұдан бөлек жəрмеңке аумағында концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Облыстардың шығармашылық өнер ұжымдары əн мен жырға бөлейді. 

Соңғы жаңалықтар