Астанада №20 округ бойынша қалалық мәслихатқа депутат сайлауы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 26 наурыз күні «Алматы» ауданының №20 сайлау округінде елорда мәслихатына депутат сайлауы өтті. Халықтың дауыс беруі нәтижесінде сайлау комиссиясы «Нұр Отан» партиясының мүшесі Қайырлы Таукенді депутат етіп тіркеді.

 43 жасар Қайырлы Таукен «Нұр» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады. Оның кандидатурасын сайлаушылардың басым бөлігі қолдады, деп хабарлайды astana.kz.

Атап өтерлігі, қалалық мәслихатқа тағы екі кандидат - Ж. Құмарбеков және А. Шишкин үміткер болды. Сайлаушылар тізіміне 17 093 адам енгізілді, дауыс беруге 8 588 сайлаушы, немесе сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 50,2% қатысты. Қайырлы Таукен үшін сайлаушылардың 86,4% дауыс берген.

Сайлау өткен күні округте жеті сайлау учаскесі жұмыс істеді. Сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, дауыстарды есептеу барысында 25 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Сайлау ашық және мөлдір форматта өтті, деп мәлімдеді сайлау комиссиясы.

Дауыс берудің қорытындысы бойынша қалалық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» партиясының мүшесі Таукен Қайырлы Кенесбекұлын Астана қаласы мәслихатының депутаты етіп тіркеді.

Соңғы жаңалықтар