Астанада 19 млн теңгенің есептеуіштерін ұрлағандар ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық полицейлер жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тұрғын үй кешеніндегі 19 млн теңгелік су есептеуіштерінің радиомодулін қолды еткендерді ұстады. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Астана полицейлері 22 ақпанда жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысындаМәңгілік ел көшесіндегі тұрғын үй кешенінен су есептеуіштерінің радиомодулін ұрлаған үш күдіктіні ұстады. Олар Алматы, Ақмола облыстарының тұрғындары болып шықты. Күдіктілер барлық сомасы 19 млн теңгені құрайтын 400-ден астам есептеуішті жымқырған.

Тергеу жұмыстары барысында анықталғандай, күдіктілердің бірі бұрын электр құрылғыларын орнатумен айналысқан. Сондықтан су есептеуіштерін шешіп алып кету оңайға түскен. Бұдан бөлек, олар тұрғындардың назарын өздеріне аудармас үшін арнайы қызметтік киім сатып алған.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің «ұрлық жасау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдіктілер Астана қалалық ІІД уақытша қамау оқшаулағышына қамалды.

Сондай-ақ, олардың қала аумағында осы секілді бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. 

Соңғы жаңалықтар