Астанада 10 маусым күні ЭКСПО-2017 көрмесі ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 маусым күні Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі ашылады.

EXPO-2017 көрмесі 3 айға созылады, ол елордада 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді.

Елордамызда өтетін ЭКСПО-ның тақырыбы: «Болашақ энергиясы» болмақ. Көрмеге қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты тәнті етеді. Әсіресе, қазіргі таңда сұранысқа ие баламалы энергия көздерін алу мақсатындағы құрылғылармен таныстырады.

Халықаралық көрмеде әрбір мемлекет өздерінің павильондарын дайындап жатыр. Бұл көрмеге еліміздің әр аймағынан, көршілес мемлекеттерден, әлемнің түкпір-түкпірінен 2,3 миллионнан астам адам келеді деп күтілуде.

Еске сала кетейік, Қазақстан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу мәртебесіне 2012 жылдың 22 қарашасында Франция астанасы Париж қаласында өткен ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында ие болған еді. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті Астана қаласына дауыс берсе, біздің бәсекелесіміз бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинаған.

 

Соңғы жаңалықтар