Астанада 10 күннен кейін ЭКСПО павильоны қайта ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 11 қараша күні «Нұр Әлем» Ұлттық павильоны келушілерге өз есігін айқара ашады, деп xабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

«Біз Ұлттық павильонның ашылуын 11 қарашаға жоспарлап отырмыз. Осы күннен сфера толықтай жұмыс істей бастайды. Дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Экспозицияға қатысты айтар болсақ, бұл туралы ақпаратты ЭКСПО ашылғанға дейін құпия сақтауды жөн көрдік», - делінген «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ сайтында.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «EXPO 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің жабылу салтанатында мәлім еткендей, «Нұр әлем» және тақырыптық павильондар сақталып, энергия музейі ретінде жұмысын жалғастыратын болады.

Естеріңізге сала кетейік, көрмеге дейін «EXPO 2017» аумағындағы ғимараттардың бір бөлігі «Астана» халықаралық қаржы орталығына, Халықаралық «Жасыл» технологияларды даму орталығына және Халықаралық IT-стартаптар технопаркіне берілуі туралы шешім қабылданған болатын.

Соңғы жаңалықтар